$ 498.34  519.72  4.85

Бүгін – халық ақыны Мұхтар Шахановтың туған күні

Мәскеу төрінде 1986 жылғы Желтоқсан шындығының ашылуын талап етіп сөз сөйлеп, кейін оқиғаны тергеу комиссиясында жетекшілік етті.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Бүгін – Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және Қырғыз Республикасының халық ақыны, жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1942 жылдың 2 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шаханов дүниеге келген болатын.

Ол көпшілікке тілі жатық, қисыны тастай, ойы шымыр өлеңдерімен ғана емес, шешуші сәттерде батыл әрекет ететін тәуекелшіл мінезімен де танымал.

Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактор тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды. 1993-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінде болды. 2003-2004 жылдары «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының президенті. 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әннің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тіліне аударылған.

«Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.

Мәскеу төрінде 1986 жылғы Желтоқсан шындығының ашылуын талап етіп сөз сөйлеп, кейін оқиғаны тергеу комиссиясында жетекшілік еткен Мұхтар Шаханов болатын.

Тәуелсіздік жылдары қазақ тілінің жанашыры, діл майданының сардары ретінде репутация қалыптастырған ақын Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшісі сияқты жауапты қызметтерді атқарды.

Қазақ әдебиетіндегі Мұхтар есімін арқалаған үш алыптың бірі саналатын ақын ұзақ жылдар бойы «Жалын» журналын басқарды. Кез келген буынның өкілі өлеңдерін жатқа оқитын Мұқағалидан кейінгі танымал ақын да осы Мұхтар Шаханов деуге болады. Әсіресе, «Отырардың күйреуі», «Эверестке шығу», «Ғашықтық ғаламаты», «Еркектер жыры», «Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме», «12-3=?», «Арман», «Шың басындағы оқиға, «Достық өлкесінің заңы», «Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап», «ТЖ-лар», «Төрт ана», «Космополит қазақтар» сияқты өлең-дастандары ел аузынан түспей келеді. Биыл оның әдебиетке, ұлт руханиятына, түркі ынтымағына сіңірген еңбегі ескеріліп, Ұлытау төрінде өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді. Қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шахановтың шығармашылық тандемі бірнеше буынның сүйікті репертуарына айналған өміршең әндерді жарыққа шығарды. Ал «Арал қасіреті» әні өткен ғасырдан бері қазақтың басты экологиялық проблемасы болып келе жатқан Арал трагедиясының мұңды гимніне айналды. Ақын рухани ортаға Шыңғыс ханның тарихи рөлі мен тарихи тұлғасына қатысты дау-жанжалдармен де танымал. Ақынның қысқаша өмірбаяны мынадай:

1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірген.

1960-65 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде, 1965-70 жылдары «Лениншіл жас» газетінде, 1971-75 жылдары республикалық телевизия, радио редакцияларда жұмыс істеді

1976 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы болды.

1984 жылы - «Жалын» альманағының бас редакторы.

1986 жылы - «Жалын»журналының бас редакторы.

1993-2003 жылдары ҚР Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды.

2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Мұхтар Шаханов 1942 жылдың 2 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келеді.

Тәуелсіздік жылдары қазақ тілінің жанашыры, діл майданының сардары ретінде репутация қалыптастырған ақын Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Қырғыз Репсубликасындағы Елшісі сияқты жауапты қызметтерді атқарды.

Оның қазақ әдебиетіндегі орны ерекше бөлек. Ақын ұзақ жылдар бойы «Жалын» журналын басқарған.

Ол «Отырардың күйреуі», «Эверестке шығу», «Ғашықтық ғаламаты», «Еркектер жыры», «Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме», «12-3=?», «Арман», «Шың басындағы оқиға, «Достық өлкесінің заңы», «Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап», «ТЖ-лар», «Төрт ана», «Космополит қазақтар» өлең-дастандарының авторы.

Айта кетсек, биыл Мұхтар Шахановтың әдебиетке, ұлт руханиятына, түркі ынтымағына сіңірген еңбегі ескеріліп, Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 33
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары