$ 472.62  513.22  5.43

Қазақстандықтар ЕGov қосымшасында жаңа қызмет түрін пайдалана алады

Жүйе қол қойылған электронды еңбек шартын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) тіркеуге автоматты түрде жібереді, содан кейін шарт жасалған болып есептеледі.

Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz

Бұдан былай қазақстандықтар eGov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоя алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәліметінше, жаңа қызмет түрі компаниялардың жаңа жұмысшылары үшін қолжетімді.

Енді пайдаланушылар жұмыс берушімен еңбек шартына тек қағаз түрінде емес, смартфонның көмегімен eGov mobile қосымшасы арқылы қол қоя алады.

"Жұмыс беруші enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электронды еңбек шартының жобасын жасайды және оны жұмысшыға келісуге жолдайды. Жұмысшы шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасында push-хабарлама келеді. Жұмысшы өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық деректермен растайды, push-хабарлама арқылы өтеді. Жұмысшы еңбек шартымен танысады, егер шарттармен келіссе, қысқа кодты енгізіп немесе биометриялық деректермен тексеруден өтіп, өзінің ЭЦҚ көмегімен қол қояды. Жүйе enbek.kz порталындағы жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Жұмыс беруші электронды еңбек шартына қолжетімді тәсілдердің бірімен ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды", - деп жазылған хабарламада.

Жүйе қол қойылған электронды еңбек шартын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) тіркеуге автоматты түрде жібереді, содан кейін шарт жасалған болып есептеледі.

Сервис іске қосылған сәттен бастап қол қойылған электронды еңбек шарттарының саны 1000 болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары