02.07.2024, 18:00

Александр Бублик «Уимблдон» турнирінің келесі кезеңіне өтті

Фото: championat.com

Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі мәлім етті.

Теннистен Қазақстан ерлер командасының мүшесі Александр Бублик «Уимблдон» турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Турнирдегі алғашқы матчта ол чехиялық Якуб Меншикті жеңді. Есеп -  4:6, 6:7, 6:4, 6:4, 6:2.

Екінші айналымда ол франциялық Артур Казомен кездеседі.