Салтанатты рәсімде балалар қытай тілінде ән айтып, өздерін таныстырған.
Астанаға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді балалар хоры мен тікұшағы бар кортеж салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"PRESIDENT" жобасының жүргізушісі және авторы, журналист Әділ Балтабаев ресми кездесуден шағын видеомен бөлісті.
Салтанатты рәсімде балалар қытай тілінде ән айтып, өздерін таныстырған. Қатысушылардың бірі – 10 жасар Әмірхан Си Цзиньпинді "ата" деп атап, қытай тілін керемет деңгейде меңгергеннін көрсетті.
"Бала ҚХР басшысын қытай тілін білуімен таң қалдырды. Соның арқасында, ол біздің президент оқыған Пекин тіл және мәдениет университетіне оқуға шақырту алды", – деді іс-шарада болған оқиға туралы Балтабаев.