$ 494.87  520.65  4.91

«Тыр жалаңаш тұрдым»: Алматыда киіну бөлмесіндегі қызға сығалаған күзетшінің әрекетін компанияның саясаты деп түсіндірген (ВИДЕО)

Аяқ-қолым дірілдеп, ашуым келіп тұр.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде оғаш оқиғаға тап болған ару әлеуметтік желіде H&M дүкенінің қызметін қолданғанда абай болуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қыздың айтуынша, киіну бөлмесінде жағажай киімін киіп көріп жатқан кезде оған орта жастағы күзетші ер адам перденің артынан үңіліп қарап тұрған. Алайда мекеме менеджерлері қыздың шағымына мардымды жауап бермеген.

Дәл қазір қалай ашулы екенімді жеткізе алмаймын. H&M дүкенінен жаңа ғана шықтым. Купальник киіп көрген едім. Сіздер түсініп тұрғандай, киіну бөлмесінде киім-кешексіз, тыр жалаңаш тұрмын. Сол сәтте маған қарап тұрған күзетшінің көзін шалып қалдым. Не сұмдық? Дереу киіну бөлмесінің пердесін жауып, киініп, менеджер қыздарға қарай бардым. Олардан "неге күзетші маған бұлай үңіліп қарайды?" деп сұрадым. Алайда қыздар олардың сатып алушыларды өздерімен бірге заттарды алып кетпеу үшін қарайтынын және компания саясатына бақылау кіретінін атап өтті. Сол мезетте "қайда тап болдым?" деген ой келді. Мына киімдерді өзімен бірге алып кетеді деген маңдайыма жазылып тұр ма? Маған мұның бәрі керегі де жоқ... Күзетші несіне бұлай қарап тұр? – деп ашуланды қыз.

Қыздың айтуынша, ең сорақысы, бұл компания саясатының бір бөлігі екен.

Бұл не бассыздық? Менің H&M компаниясына қояр сұрағым өте көп. Тек "кешіріңіз" деген нәрседен басқа айтпады, аяқ-қолым дірілдеп, ашуым келіп тұр, – деп түсіндірді алматылық ару.

Ал жағдайдың анық-қанығын білу үшін дүкеннің қаладағы бас ғимаратына хабарласқан Stan.kz тілшісіне бас офис менеджері қыздың жағдайды түсінбей қалғанын және менеджерлердің ақпаратты дұрыс жеткізбегенін айтты.

Қараңызшы, шын мәнінде, жағдай былай болды. Күзетші қызға мүлдем қарамаған. Компания саясаты мәселесіне келсек, қызметкерлер ақпаратты дұрыс баяндамаған. Өйткені сол оқиғаны зерттеу үшін барлық бейнекамераға қарап шықтық. Камерадан байқауымызша, ол кабинаға жақын жерде 30 секундтан аз уақыт болған. Мұндай уақытта ол ешкімге қарап та үлгермейді. Қыз неліктен бұлай ақпарат таратқанын түсінбедім, – деп жауап берді H&M бас ғимаратының қызметкері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары