$ 480.55  533.75  5.36

БҚО-да 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқыс оқиға Бәйтерек ауданы, Щапов ауылында болған. Тұрғындардың айтуынша, үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенмен, алып қала алмаған. 

Бүлдіршін бүгін жерленді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда. 

Щапов ауылдық округінің әкімі мен аудандық полиция бөлімі ақпаратты растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары