$ 478.96  533.03  5.22

Жүк тасушы атаның модель болуына жол салған бір суреттің оқиғасы көпшілікті таңқалдырды

Желі қолданушыларын тәнті еткен 72 жастағы қарияның есімі - Берік.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде жүк тасушы атаның гүл сататын дүкеннің манекені болып шыға келген оқиғасы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода көшеде жұпыны киініп, жүк тасып жүрген қарияның адам танымастай өзгеріп, гүл сататын дүкеннің манекеншісі болып шыға келгені бейнеленген.

Бұл оқиға көпшілікті таң қалдырды.

Видеоны саяхатшы-фотограф Асылбек Имандосов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қария түсірілім тобында жүрген фотографты көріп, өзін бірнеше суретке түсіруді өтінген. Фотограф келісіп, кейіннен суреттерді TikTok желіге жүктеген.

Туынды көптің жүрегін елжіреткендіктен, Асылбек Имандосов атамен тағы бір рет кездеседі. Олар бірге қарияның шашын қысқартып, жаңа киімдер алады, тіпті жолай гүл сататын дүкенге гүл алуға соғады. Ал дүкен басшылығы атаға манекенші болуды ұсынған.

Гүл сататын дүкеннің манекеншісі болып, желі қолданушыларын тәнті еткен 72 жастағы қарияның есімі - Берік.

Ол қолындағы арбамен соңғы 20 жыл бойы жүк тасыған. Жас кезінде көлік жүргізуші, жүк тасушы, аула тазалаушы болып жұмыс істеген. Бір кездері трактор айдаған.

Мен кей адамдардың түнеріп жүргенін көремін. Осы күнге жеткенімізге қуануымыз керек. Егер құладың ба, қолыңнан келгенін жасап, аяққа тұр. Мен оқымаған адаммын, бірақ сонда да осылай ойлаймын. Мен мына арбаммен жұмыс істеп жүріп үй тұрғызғанмын, - деді көзінен мейірім төгілген қария.

Желі қолданушылары қарияның шынайылығына тәнті болып түрлі пікір қалдырған.

"Атаның харизмасы жоғары екен, ол модель болуы керек", "Берік ата, 100 жасаңыз, суреттер керемет шыққан", "Өте жақсы ата екен", "Гүл шоғын ұстап тұрған суретінде сондай сүйкімді", "Көздерінен мейірім төгіліп тұр", - деп жазған олар.

Қазіргі уақытта желі қолданушылары қарияға сыйлық жасау үшін қаражат жинап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары