03.07.2024, 22:30

Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының Төрағасымен кездесті

Фото: Ақорда

Келіссөздер аяқталған соң Димаш Құдайберген мен опера әншісі Майра Мұхамедқызы Қазақстан мен Қытай басшыларына шағын концерт берді. 

Димаш Құдайберген Тоқаев пен Си Цзиньпиннің алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге іскерлік бағыттағы бірқатар келіссөзден кейін әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген Димаш Құдайбергеннің өнерін тамашалады.