Қазіргі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның туған күні. Ол 50 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аида Ғалымқызы - 1974 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында туған.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы
1999-2002 жылдары Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, 2002-2004 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы, 2004 жылы Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы, 2004-2005 жылдары Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары, 2005-2006 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, 2006-2008 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, 2008-2010 жылдары Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы лауазымын атқарған. 2010-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2014-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2019-2020 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі, 2020-2022 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі, 2022-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінде болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.