Кәсіпкер тіркелген астрологтардың ең көп табыс тапқан жері Астана қаласы болды.
2023 жылы Қазақстанда астрологтар, балгерлер мен көріпкелдер 39,1 млн теңге табыс тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл сома тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендерге түскен табыс. Ұйымның дерегінше, көріпкелдердің барлығының тіркеліп жұмыс істеуі екіталай, ал сауалнама барлық жеке кәсіпкерлерді қамтымаған, сондықтан табыс бұдан да жоғары болуы мүмкін.
Ресми деректер бойынша, қызметтердің жалпы көлемінің 38,1 миллион теңгесін халық төлесе, ал 1 миллион теңгені Атырау облысында тіркелген белгісіз ұйым төлеген болып шықты.
Кәсіпкер тіркелген астрологтардың ең көп табыс тапқан жері Астана қаласы болды. Көріпкелдер Астанада 25,3 млн теңге табыс тапқан. Айта кетейік, мұндай қызметтер 2019 жылдан бері тіркелмеген болатын.