$ 478.96  533.03  5.22

ШЫҰ-ны ықпалды халықаралық құрылымның біріне айналдырдық – Тоқаев

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті тікелей эфирде көрсетілуде. Бұл туралы ақпарат Telegram-дағы ТРК Президента арнасында жарияланды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Астанада Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекет басшылары кеңесінің XXIV отырысының ашылуында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ширек ғасырға жуық уақытта Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды механизміне айналып, тұрақты өсуді қамтамасыз етіп, жалпы дамуға елеулі үлес қосып келетінін жеткізді.

«Саясат пен қауіпсіздік, экономика мен мәдениет салаларында жемісті өзара әрекеттесу арқылы біздің елдер барлық Еуразия құрлығының дамуына бағыт береді. Бірлескен күшпен шанхайлық рухты нығайтып, шанхайлық принциптерді жылжыту арқылы біз ШЫҰ-ны ықпалды әрі абыройлы халықаралық құрылымның біріне айналдырдық. Біздің бірлестіктің бірегейлігі мен үлкен потенциалы оған әлемнің қызығушылығын күн сайын арттырып келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды. Саммитке Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшылары, Рас әл-Хайма әмірі (БАӘ), Үндістанның сыртқы істер министрі, сондай-ақ ШЫҰ бас хатшысы және ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры қатысып жатыр.

ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ плюс» отырысы форматында өтеді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті тікелей эфирде көрсетілуде. Бұл туралы ақпарат Telegram-дағы ТРК Президента арнасында жарияланды.

Тікелей эфир сағат 10:00-де Silk Way телеарнасында көрсетіледі. Сондай-ақ онлайн-трансляция Youtube-тегі Jibek Joly news арнасында жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары