Желатин тек доңыздан алынады.
Күн ысығанда адамдардың ең сүйікті асына айналатын кәдімгі балмұздақ халял-харам деген тартысқа түсіпті. Бұл тартыс Түркияда әр жаз айларында басталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Democrat сайтына сілтеме жасап.
Сүттен, қаймақтан жасалатын балмұздақ неге бұлай тартысқа түсті? Бұған себеп — түрік имам-қожаларының шығарған пәтуасы себеп болған.
«Балмұздақ жасау үшін оның құрамына қосылатын Е441 қоспасы желатин деп аталады. Ал ол желатин тек доңыздан алынады. Желатин балмұздақты еріп, су боп ағып кетпеу үшін қосылады. Сондықтан ондай қоспасы бар балмұздақ — харам саналады», - дейді түрік қожа Сейіт Махмұт Бүтүн.