$ 478.96  533.03  5.22

Димаш Құдайберген БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

Оның дауысы адам құқықтарын қорғауға қабілетті екенін атап өтті.

Фото: instagram.com/uninkazakhstan
Фото: instagram.com/uninkazakhstan

Бүгін БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш әнші, Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас хатшы Димаштың шығармашылығын бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам еститінін, оның дауысы адам құқықтарын қорғауға қабілетті екенін атап өтті.

ХКҰ-ның ізгі ниет елшілері бағдарламасының мақсаты – белгілі және құрметті мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін тарту және көші-қонға қатысты мәселелерді қамту.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары