$ 494.87  520.65  4.91

Бұрынғы қорғаныс министрі 2025-2027 жылдарға ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Шешім Астанада саммитінде қабылданды.

Фото:  inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025-2027 жылдарға арналған Бас хатшысы қызметіне Нұрлан Ермекбаев тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шешім Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қабылданды. Бұған дейін Ермекбаев Бас хатшының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін ол Президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы және Қорғаныс министрі қызметін атқарды.

НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВ

1963 жылы 1 қаңтарда Шымкентте дүниеге келген;

1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігі Әскери қызыл ту институтын қытай және ағылшын тілдерін меңгерген офицер мамандығы бойынша үздік бітірген:

1996 жылы Қазақ сәулет және құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған;

Түрлі жылдары коммерциялық кәсіпорындарда, Сыртқы істер министрлігі құрылымында, Президент әкімшілігінде қызмет еткен;

2006-2007 жылдары – Президент кеңесшісі - Президент әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі;

2007-2010 жылдары – Сыртқы істер министрінің орынбасары;

2010-2012 жылдары – Президенттің көмекшісі;

2012-2014 жылдары – Қытайдағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі, Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Корея Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы;

2014-2016 жылдары – Президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;

2016 жылдан 2018 жылғы сәуірге дейін – Дін істері және азаматтық қоғам министрі;

2018 жылғы сәуірден бастап 2018 жылғы тамызға дейін – Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;

2018 жылғы тамыздан 2021 жылғы тамызға дейін Қорғаныс министрі қызметін атқарды.

БАЙЗАҚТАҒЫ ЖАРЫЛЫС 

2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің қоймасынан өрт шықты. Салдарынан 17 адам қаза тапты. 

Сол кездегі Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Менің басты мақсатым – төтенше жағдайдың салдарын жою. Егер отставкаға кету жайына келетін болсақ, мен бұл жаңалықты естіген бойда өзім үшін шешім қабылдадым. Өз еркіммен отставкаға кетемін, отставка сұраймын. Қалғанын жоғары басшылық шешеді, - деді министр.

31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевты қызметінен босатты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады, - деді жазды Берік Уәли Facebook-тегі жеке парағында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары