$ 479.38  531.63  5.27

Қазақстан ШЫҰ аясында креативті индустрияны дамытудың орталығы бола алады – Тоқаев

Президент ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық ұстанымдарына адал екенін атап өтті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аясында өтіп жатқан «ШЫҰ+» кездесуінде ұйым аясындағы білім беру гранттарының санын арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақстан креативті индустрияны дамытудың орталығы бола алады және жыл сайын ШЫҰ елдеріндегі жас көшбасшылар мен дарындардың кездесуін өткізуді ұсынады. Білім беру саласындағы ынтымақтастыққа қосымша серпін қажет. Жаңа оқу орындары мен диалог серіктестерді қосу арқылы ШЫҰ университетінің желісін кеңейту орынды болар еді. Студенттерге, әсіресе техникалық салаларда, берілетін гранттар санын жыл сайын ұлғайтып отыруы керек. Қазақстан өз тарапынан жетекші жоғары оқу орындарында білім алу үшін ғылыми және білім гранттарын беру тәжірибесін жалғастыруға дайын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық ұстанымдарына адал екенін атап өтті.

«Қорытындылай келе, Қазақстанның ШЫҰ және «ШЫҰ+» форматтарындағы жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастыққа деген ұстанымы берік екенін қайталап айтқым келеді. ШЫҰ серіктес елдерінің барлық сындарлы ұсыныстары бірегей ұйымымыздың одан әрі прогрессивті дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары