$ 494.87  520.65  4.91

Америка кубогы: Месси пенальтиден мүлт кетсе де, Аргентина жартылай финалға шықты

Атақты футболшы әзірге бірде-бір кездесуде гол соққан жоқ. 

Фото: Sports.ru
Фото: Sports.ru

Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси Америка кубогының 1/4 финалында матч соңындағы пенальти сериясында мүлт кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жанкүйерлер бұл кездесуде Аргентина құрамасы еш қиындықсыз басым түседі деп болжаған еді. Десе де ойын барысында эквадорлық футболшылар азулы қарсыласына лайықты деңгейде төтеп беріп, жеңісті жұлып әкетуге жақын қалды.

Есеп -1:1. Аргентинадан Лисандро Мартинес есеп ашса, эквадорлық Кевин Родригес таразы басын теңестірді.

Ойынның 35-минутында аргентиналық Лисандро Мартинес мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды. Одан кейін олардың басымдықты арттыруға көп мүмкіндігі болған еді. Алайда ол мүмкіндіктер ешбір пайдаға жараған жоқ. Есесіне 91-минутта өз қақпасына эквадорлық Kевин Родригестің голын жіберіп алды.

Қосымша кезеңде гол соғылмаған соң ойын пенальти сериясына ұласты. Осылайша матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бірінші болып нүктеге келген Лионель Месси мүлт кетті. Ол Паненка стилінде теуіп, қақпа бағанына тигізді.

Әзірге Америка кубогында Лионель Мессидің қанжығасы майланған жоқ. Бірде-бір кездесуде гол соққан жоқ. Ал, аргентиналық қақпашы Эмилиано Мартинес пенальти сериясында екі соққыға тосқауыл қоя білді. Нәтижесінде 4:2 есебімен жеңіске жеткен Аргентина жартылай финалға шықты.

Енді олар 10 шілдеде Венесуэла мен Канада жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетсек, ширек финалда 5 шілдеде Венесуэла мен Канада, 6 шілдеде Уругвай мен Бразилия, Колумбия мен Панама ойнайды.

Биыл Америка кубогы 20 маусым мен 14 шілде аралығында АҚШ-тың 14 қаласында өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары