$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында ұлы әкесін балталап өлтірген

Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысында 23 жастағы жігіт 48 жастағы әкесін балтамен ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға 3 шілдеде Алматы облысының Береке ауылында болды. Олардың үйінде екі адам болған. Бір кезде баласы әкесіне балтамен шабуыл жасаған. Ер адам жарақаттарынан қаза болды.

Полицейлер күдіктіні бірден ұстады. Ол невропсихиатрда есепте тұрады. Жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балта тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары