05.07.2024, 17:40

Маңғыстауда бүлдіршін қызды бірнеше ай бойы зорлаған ер адамға үкім шықты

Фото: Pixabay

22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтау қаласында сот бүлдіршін қызды бірнеше рет зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралғанын хабарлады.

Сотталушы П. 2023 жылдың тамызынан қарашасына дейін кәмелетке толмаған А.-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қатысты жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерді бірнеше рет зорлап, жасаған.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен дәлелденді, - делінген хабарламада.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 22 жылға бас бостандығынан айырылды, өмір бойы педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.