$ 494.87  520.65  4.91

Қазақша сөйлеуден бас тартқан турнир ұйымдастырушысы жұмыстан шеттетілді

Бұл туралы турнир ұйымдастырушылары ресми мәлімдеме жасады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Gorilla Drift Championship ұйымдастырушылары турнирдің негізін қалаушы әрі жетекшісі Артем Чекменевтің қазақ тіліне қатысты айтқан сөзінен кейін ішкі тергеуді бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы турнир ұйымдастырушылары ресми мәлімдеме жасады.

"Бұл оқиға 2 маусымда республикалық драг-рейсинг турнирі барысында болған. Осы жарыс дрифт чемпионатына қатысы жоқ болғандықтан біз осы оқиғаға қатысты пікір білдіруіміз дұрыс емес деп санаймыз. Алайда Артем Чекменовтің Gorilla Drift Championship ұйымдастырушыларының бірі екенін растаймыз.  Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, біз Артем Чекменовті Gorilla Drift Championship чемпионаты мен оның қатысуымен өтетін басқа да спорттық шараларды ұйымдастырумен байланысты барлық мәселеден ішкі тергеу аяқталғанға дейін уақытша шеттету туралы шешім қабылдадық. Сонымен қатар, оның айтқандары брендтің чемпионаттың және ұйымдастырушылар тобының басқа мүшелерінің ресми ұстанымы болып табылмайды", - делінген мәлімдемеде. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Мен түсінетін тілде сөйле!»: Дрифт турнирінің жетекшісі қазақша сөйлеген адамға дөрекілік көрсетті (ВИДЕО) 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары