Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.
Қазақстандық спортшы, еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Допингке қарсы ұлттық орталықтың мәліметінше, Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылған.
Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Еске салсақ, Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.