06.07.2024, 02:30

Еuro-2024: Германия құрамасы Испаниядан жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Фото: Carl Recine/Getty Images

Экстра-таймда (119-минутта)  Испания сапынан Микель Мерино қарсыластың қақпасына гол салды.

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Германия құрамасы Испаниядан жеңіліп қалды, деп деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биылғы Еуропа чемпионатындағы алғашқы ширек финалдық ойын Германияның Штутгарт қаласында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. 

Алғашқы таймда гол соғылмай, қос құрама есепті тең аяқтады.Ал екінші таймның басында, 51-минутта Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Дани Ольмо гол соғып, командасын алға шығарды. Дегенмен негізгі таймның аяқталуына 1минут қалғанда Флориан Вирц гол соғып, есепті теңестірді. Осылайша ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, мәселенің барлығы экстра-таймда шешілді.

Экстра-таймда (119-минутта) Испания командасынан Микель Мерино қарсыластың қақпасына гол салды. Осылайша, испаниялықтар жартылай финалға жолдама алды. Испания құрамасының жартылай финалдағы қарсыласы Португалия – Франция ойынынан кейін анықталады.