$ 472.62  513.22  5.43

6 шілде – Астана күні

6 шілдеде сағат 18:00–де ЭКСПО алаңында OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

6 шілде астаналықтар қала күні мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Астана күні» жыл сайын мемлекеттік деңгейде кеңінен аталып өтеді. Биыл да елорда әкімдігі қала күніне орай 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырып отыр. 

5-7 шілде аралығында елордада «Еуразия театры» халықаралық көше театрларының фестивалі өтуде. Іс-шараға эстониялық, польшалық, ресейлік және қазақстандық театр ұжымдары мен әртістер қатысады.

6 шілдеде сағат 11:00–де халықаралық көше театрлары фестиваліне қатысушылардың шеруі өтеді. Ол қала алаңынан басталып, Орталық саябаққа дейін жалғасады.

7 шілдеде сағат 14:00–ден бастап Орталық саябақта фестиваль қатысушыларының театрландырылған қойылымдары өтеді. Сағат 17:00–де фестиваль аяқталады.

6 шілде күні сағат 20:00–де Амфитеатрда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің қатысуымен «Астана — арман қала» мерекелік концерті өтеді. Іс-шараға белгілі өнер қайраткерлері мен эстрада жұлдыздары Майра Ілиясова, Қанат және Света Айтбаевтар, Арайлым Рахимқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Зарина Омарова, Мұратбек Хайролда, Фарида Жолдасова, Әкімхан Мәженов, Алтыншаш Мұқатаева, сондай-ақ DJ Dake және «ALEM» заманауи би балеті қатысады.

6 шілде күні сағат 11:00–де және сағат 15:00–де қала шетіндегі тұрғын алаптарда елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Астана — жүрегім» концерті өтеді. Мерекелік іс-шарада Мәди Қадыров, Гүлнұр Оразымбетова, Досымжан Таңатаров, Медет және Клара Салықовтар, Бауыржан Исаев және қазақстандық эстраданың басқа да жұлдыздары өнер көрсетеді.

6, 7 және 8 шілдеде сағат 12:00–ден бастап қала қонақтары мен тұрғындары үшін Орталық саябақта «Mereke stree» жазғы жобасы жұмыс істейді. Бұл — шеберлік сыныптары мен ашық аспан астындағы кинотеатры бар барлық жастағы азаматтарға арналған Отбасылық демалыс фестивалі.

6 шілдеде сағат 18:00–де ЭКСПО алаңында OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді. Іс-шарада отандық эстрада жұлдыздары Ninety one, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T’OI, Imzi, Құрмаш Махан, Jazzdauren және басқа да әртістер өнер көрсетеді. Концерт аяқталғаннан кейін шамамен сағат 22:15–те (22:30) «ASPAN» дрон-шоуы жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары