$ 494.87  520.65  4.91

Қытай тілі университеттерімізде екінші шет тілі ретінде оқытылады – министр Саясат Нұрбек

Жаңа келісім аясында Қазақстанда Гонконг университетінің филиалы ашылмақ.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қытай тілін оқыту мақсатта жоғары оқу орындарында арнайы кафедралар ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Аlash.KZ ұлттық порталына сілтеме жасап.

Министр ұлттық және мемлекеттік университеттерде қытай тілін оқыту үшін арнайы кафедралар құрылатынын хабарлады:

Кеше Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге мемлекеттік сапары аясында көптеген келісім-шарттарға қол қойылды, соның ішінде екі елдің министрліктері білім және ғылым саласында келісімге келді. Келісімге сәйкес, біздің жетекші, ұлттық және мемлекеттік университеттерде қытай тілін оқыту үшін арнайы кафедралар құрылады. Екінші тіл ретінде бакалаврлар, магистранттар мен докторанттарға ұсынатын боламыз, – деді ол.

Сонымен қатар, жаңа келісім аясында Қазақстанда Гонконг университетінің филиалы ашылмақ. Филиал жасанды интеллект, сәулет, интеллектуалды көлік және т.б. салаларда білім беретіні айтылды:

Қытай бізге экономикада да, саудада да серіктес ел, сондықтан Қытайдың тарихын, тілін, мәдениетін терең түсінуіміз керек. Тағы бір келісім – Сәтбаев университетінің базасында Гонконг университетінің филиалы ашылу бойынша жасалды. Филиал жасанды интеллект, сәулет, интеллектуалды көлік және т.б. салаларда білім береді. Гонконг университеті – әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарына кіретін өте жылдам дамып келе жатқан жоғары оқу орны. Университет филиалы биылғы жылдың қыркүйек айында ашылады, – деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары