$ 494.87  520.65  4.91

«Аватар» және «Титаник» фильмінің продюсері қайтыс болды

Оның фильмі тарихта бірінші болып дүниежүзілік кассада 1 миллиард доллардан астам табыс тапты және 11 Оскар сыйлығына ие болды.

Фото: Jordan Strauss / ТАСС
Фото: Jordan Strauss / ТАСС

«Аватар» және «Титаник» фильмдеріндегі жұмысы арқылы танымал америкалық продюсер Джон Ландау 63 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әкем Ландау 5 шілдеде Лос-Анджелесте қайтыс болды», - деп хабарлады продюсердің ұлы The Hollywood Reporter басылымына берген сұхбатында. 

Алайда ол әкесінің неден дүние салғанын ашып айтпады, деп жазады kaz.inform.kz.

Variety сайтының хабарлауынша, америкалық продюсердің қатерлі ісік ауруынан көз жұмған.

Джон Ландау 1960 жылы 23 шілдеде Нью-Йоркте дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын 1980 жылдары кино өндірісінің менеджері ретінде бастады. Содан кейін ол «Бал, мен балаларды қысқарттым» (1989) және Дик Трейси (1990) фильмдерінің бірлескен продюсері атанды. 

Кейіннен Ландау Джеймс Кэмеронмен жұмыс істей бастады және Титаниктегі жұмысқа (1997) қосылып, осы фильмнің продюсері болды.

Фильм тарихта бірінші болып дүниежүзілік кассада 1 миллиард доллардан астам табыс тапты және 11 Оскар сыйлығына ие болды. Ландаудың өзі бұл сыйлықты Титаниктегі жұмысы үшін алды, сонымен қатар ол «Алтын глобус» лауреаты атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары