07.07.2024, 22:30

Қазақ қызы Босниядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Фото: ktf.kz

Жібек Құламбаева WTA Live рейтингісінде 441-орынға көтерілді. 

Қазақстандық теннисші, әлемнің 472-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Босния және Герцеговина) ITF W15 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші барлығы 5 матч өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтады.

Жібек финалда дүниежүзілік рейтингіде 700-орында тұрған швециялық Лиза Заармен кездесіп, камбэк жасай білді - 2:6, 6:4, 6:2.

Осы нәтижесінің арқасында Жібек Құламбаева WTA Live рейтингісінде 441-орынға көтерілді.