08.07.2024, 04:30

БҚО-да қатты желден үйлердің шатыры ұшып кетті (ВИДЕО)

Фото: https://t.me/uralskweek_kz

Оралда, Ақсайда және бірнеше ауылда жарық сөніп, тұрғындар сусыз қалды.

Оралда және Батыс Қазақстан облысының бірнеше елді мекенінде шаңды дауыл тұрды. Салдарынан ағаштар құлап, үйлердің шатыры қираған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жергілікті "Уральская неделя" басылымының мәліметінше, қатты соққан желмен қатар найзағай ойнаған. Желдің екпіні секундына 35 метрге жетеді. Оралда, Ақсайда және бірнеше ауылда жарық сөніп, тұрғындар сусыз қалды.

Кейінірек желден көпқабатты үйдің шатырын ұшырып әкеткені хабарланды. 

"Жүнісов, 15 мекенжайындағы үйдің шатыры қирады. Абырой болғанда, адамдар зардап шекпеді", - делінген видео сипаттамасында. 

Бораннан Орал мен бірнеше елді мекенде жарық сөніп қалғанын "Мой город" порталы жазды. Басылымның Telegram-дағы арнасында бірнеше видео жарияланды.