$ 480.55  533.75  5.36

Жамбыл облысында жүздеген ауланы су басты

Құрбандар мен зардап шеккендер, сонымен қатар мал шығыны жоқ.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы Сарысу ауданында қатты жауын-шашыннан көлбеу ағындар пайда болды.  Жаңатас қаласының 13 көшесінде барлығы 47 үй, 1 әлеуметтік нысан мен 400 аула аумағын су астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Оқиға кеше 7 шілдеде сағат 17: 20-да шамасында болған. Ауа райы қолайсыздығынан аудандық маңызы бар Жанатас-Саудакент автожолы жабылды.

Су айдау және жол төсемінің топырағын арнайы техникамен көтеру, сондай-ақ  халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар және полиция департаментінен 231 адам, 53 техника жұмылдырылған 24 мотопомпа мен дрон пайдаланылуда. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді», – делінген облыстық ТЖД хабарламасында. 

Құрбандар мен зардап шеккендер, сонымен қатар мал шығыны жоқ.

Халықты қабылдау үшін М. Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары