$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да 8 адам кене энцефалитіне шалдықты

Аймақта биыл көктемнен бастап 3 мыңнан астам адамды кене шаққан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шығыс Қазақстан облысында 8 адам кене энцефалитіне, тағы 4 тұрғын боррелиоз ауруына шалдықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дәрігерлердің бақылауындағы боррелиоз бен энцефалитке шалдыққан науқастардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Арнайы вакцина салынған соң, амбулаториялық режимде ем қабылдауға жіберілді.

Аймақта биыл көктемнен бастап 3 мыңнан астам адамды кене шаққан.

Дәрігерлер зиянды жәндік шаққан жағдайда медициналық көмекке жүгінбесе, адам мүгедек болып қалуы мүмкін екенін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары