$ 494.87  520.65  4.91

Семейде офицер әскери бөлімнің мүлкін ломбардқа өткізіп жіберген

Ол топографиялық қызметінің бастығы ретінде өзінің қызметтік мансабын асыра пайдаланған.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Семей қаласында офицер букмекерлік кеңседегі қарызын өтеу үшін әскери бөлімнің мүлкін ломбардқа кепілге қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Семей гарнизоны әскери сотында өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттің мүлкін жымқырды деп айыпталған әскери бөлім офицеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

О. есімді капитан штабтың топографиялық қызметінің бастығы ретінде өзінің қызметтік мансабын асыра пайдаланған. Букмекерлік кеңседе ұтылып қалуы салдарынан жеке қарызы өскен оның әскери бөлімге тиесілі топографиялық құралдарды ломбардқа кепілге өткізгені анықталды. Осылайша мемлекетке 2 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

— Сот әскери қызметкерді кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол капитан әскери атағынан айырылды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар сотталушыдан материалдық шығын мен мемлекеттік баж өндірілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары