$ 479.38  531.63  5.27

EURO-2024: Испания құрамасы 12 жылдан кейін Еуропа чемпионатының финалына шықты

16-жастағы Ламин Ямал турнирдің тарихында 1/2 финалда гол соққан ең жас ойыншы атанды.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалына шыққан алғашқы құрама анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жанкүйерлер Испания мен Франция кездесуін асыға күткені анық. Кілең жұлдыздар жиналған қос құраманың қайсысының бабы келісіп, бағы басым болады деген сауал көпшілік көкейінде тұрды.

Сондай-ақ жанкүйерлерге аты танымал Килиан Мбаппе мен жас жұлдыз Ламин Ямаль арасындағы кездесуде кімнің жолы болатыны қызық еді.

Ойын бірден-ақ шабуылмен басталды. Франциялық Килиан Мбаппенің әуелете берген пасын әріптесі Рандаль Коло Муаниге баспен қақпаға бағыттап, өз құрамасын алға шығарды.

Айта кетсек, Килиан Мбаппе құрлықтық додадағы алғашқы нәтижелі пасын шығарып берді.

Испаниялық футболшылар көп ұзамай таразы басын теңестіріп кетті.

Небәрі 16-жастағы Ламин Ямалдың алыстан бағыттаған добы Франция қақпасының торында тулап жатты. Осылайша ол аталған турнирдің тарихында 1/2 финалда гол соққан ең жас ойыншы атанды.

Ал 25-минутта испаниялық Дани Ольмо көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша Испания қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, 12 жылдан кейін финалға жолдама алды.

Енді 11 шілдеде тағы жартылай финалда Англия мен Нидерланд құрамалары кездеседі.

Еуропа чемпионаты 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін Германия, Испания 3, Италия, Франция 2, КСРО, Португалия, Чехословакия, Нидерланд, Дания мен Грекия 1 реттен жеңіс тұғырына көтерілді.

Еске салсақ, бүгін Америка кубогында Аргентина мен Канада құрамалары кездеседі.

 

Дереккөз: kaz.inform.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары