$ 495.2  522.34  4.94

Садыр Жапаровтың қарындасына тікұшақпен келген күйеу баласы қамауға алынды

Ер адам Ләззат Нұрқожоеваға тікұшақта үйлену туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды.

Фото: Кабар
Фото: Кабар

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов Садыр Жапаровтың інісінің қызының жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растап хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызының болашақ күйеуін құқық қорғау органдары ұстағанын растаймыз. 

Еске сала кетсек, ер адам Ләззат Нұрқожоеваға тікұшақта үйлену туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды.

Бірақ жас жігіттің басты мақсаты — оның заңсыз әрекеттерін қорғау үшін биліктегі адамдарды табу деп айтуға толық негіз бар.

Президент Садыр Жапаров кім болмасын, оның заңсыз әрекетін жасырмайтынын атап өткім келеді. 

Бұрынғы жігіті мен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады», — деп жазды Алагөзов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары