$ 478.96  533.03  5.22

«2 мың доллар»: Нұрлан Имамның Tik-Tok парақшасында қомақты қаржы жиналған (ВИДЕО)

Ойламаған жерден табысқа кенелген имам бұл ақшамен оқырмандарын қуантпақ екенін жеткізді.

Фото: instagram/nurlanimam.kz
Фото: instagram/nurlanimam.kz

Tik-Tok әлеуметтік желісі арқылы халыққа танылған имам Нұрлан Байжігітұлының шотында қомақты қаржы жиналған. Бұл туралы ол білмеген болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол әлеуметтік желінің арқасында 2000 мың АҚШ долларын жинаған.

Нұрлан имамның үлкен табысқа кенелгенін белгілі мобилограф Қыран Талапбек айтты.

"Құрметті достар, Нұрлан имаммен жолығып отырмыз. Бұл кісі TikTok арқылы ақша табуға болатынын білмей жүр екен. Осы күнге дейін 2000 АҚШ долларын жинапты. Шынымен де, балансы осындай суммаға жеткенін білмеген. Өзі білмегесін, кіріп көрсем ақшасы шығып тұр" , - деді Қыран Талапбек.

Имам бұл ақшамен оқырмандарын қуантпақ екенін жеткізді.

"Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге қажылық ұмра путевкасы ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары