10.07.2024, 18:00

Қазақстанда республикалық орфография комиссиясы құрылмақ

Фото: pixabay.com

Мемлекеттік тіл орфографиясын ғылыми негізделген нұсқада әзірлеу мен бекіту үшін арнайы орфографиялық комиссия құру қажет.

Қазақстанда мемлекеттік тіл орфографиясының ғылыми негізделген нұсқасын әзірлеу мақсатында республикалық орфография комиссиясын құру жоспарланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл мәлімет Үкімет қаулысының жобасында жазылған. Жоба көпшіліктің талқылауына ұсынылды.

«Қазіргі таңда қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу аса маңызды мәселе. Мемлекеттік тіл орфографиясын ғылыми негізделген нұсқада әзірлеу мен бекіту үшін арнайы орфографиялық комиссия құру қажет. Бұл міндет Үкіметтің №914 қаулысымен бекітілген елімізде тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген, – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған ақпаратта.

Қоғамдық талқылау 2024 жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады.