10.07.2024, 17:40

«Буындырып өлтірген»: Қостанайда 16 жасар қыздың өліміне қатысты тың мәлімет шықты

Фото: instagram/poisk_region_10

Бұған дейін 28 маусымда Әулиекөл маңындағы орман екпесінен қыздың мәйіті табылғанын жазғанбыз. 

Қостанай облысында 16 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 маусымда 16 жастағы Дарья Тайронина Әулиекөл кентіндегі үйінен кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Кейінірек полиция мен еріктілер бойжеткенге іздеу жариялады.

Ал 28 маусымда Әулиекөл маңындағы орманнан қыздың денесі табылды

Полицейлердің сөзінше, бойжеткеннің өліміне механикалық асфиксия себеп болған, яғни оны буындырып өлтірген.

«Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасау туралы сұраққа тек сараптаманың қорытындысы бойынша жауап беруге болады, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген ПД хабарламасында.