Алматыда балаларды 100% оқу-сауықтыру демалысымен қамту жоспарда бар.
Алматыда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың, білім басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Малғаждарованың, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен Жазғы каникул кезеңінде Алматы оқушылары демалатын қала сыртындағы лагерьлерге баспасөз-туры өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қатысушылардға Avat kids camp лагерінің жұмыс бағдарламасы таныстырылды.
Қала сыртындағы Avast kids camp лагері Еңбекшіқазақ ауданындағы Ават кентінде орналасқан. Лагерьде екі кең тұрғын үй ғимараты, асхана, ойын және топтық іс-шаралар алаңы, ашық кинотеатр, футбол және баскетбол алаңдары, екі бассейн, ат қоршауы бар.
Лагердегі бағдарлама ауқымды: жүзуді үйрену, блог жүргізу, актерлік шеберлік, эстрадалық-сахналық дағдыларды дамыту. Оқушылар үшін теңдестірілген тамақтану, белсенді демалыс, шығармашылық конкурстар мен жарыстар ұйымдастырылды.
Қазір лагерьде 240 алматылық оқушы демалады, оның ішінде «Жанұя» мамандандырылған кешенінен 80 тәрбиеленуші бала және «Мейірім» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 12 бала.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында 300 мыңнан астам бала оқитын 215 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Жыл сайын Алматы қаласының әкімдігі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балалардың сауықтыру демалысына қосымша қаражат бөледі.
«Жазғы маусымның басынан бастап мектеп жанындағы, спорттық және киіз үй лагерьлерінде 43 323 бала демалды. Сауықтыру демалысымен 100% жетім балаларды, ерекше білім беру қажеттілігі бар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ аз қамтылған мен көпбалалы отбасыдан шыққан балаларды қамту жоспарлануда. Оқушылар сарайының «Өрнек» лагерінде 3 маусымда 900 бала демала алады. Бұлар-Жанұя мамандандырылған кешенінің тәрбиеленушілері», халықтың әлеуметтік осал тобының балалары, сондай-ақ түрлі байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары. Қала сыртындағы демалыс лагерінде 3 мыңға жуық оқушы (халықтың әлеуметтік осал тобының балалары, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) жергілікті бюджеттен 540 млн теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда жолдама құны жалпы білім беретін мектептердің балалары үшін 10 500 теңгеден 15 000 теңгеге дейін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін 20 000 теңгеден 30 000 теңгеге дейін ұлғайтылды», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
Жаздың бірінші айында балалар мектеп жанындағы, спорттық және киіз үй лагерлерінде демалды. Бағдарламаға эксклюзивті экскурсиялар мен шығармашылық шеберханалар кірді. Сонымен қатар, 40 мыңнан астам баланы қамти отырып, тегін тамақтану ұйымдастырылды. Жазды қалада өткізетін балалар мемлекеттік және жеке қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелер мен секцияларға белсенді қатысуда. Онда үйірмелердің 40-қа жуық түрі бар (Оқушылар сарайы, 7 аудандық Оқушылар үйі, Өнер мектебі, 8 музыка мектебі, 2 ЦИТ-а).
Айта кету керек, лагерьге жолдама алған балалар демалысқа 100% қатысты. Демалыстан бас тартқан жан болған жоқ. Балалардың демалыстағы қауіпсіздігіне ерекше мән берілді: қатаң санитарлық бақылау, аумақты қорғауды жақсарту мен балаларды үнемі медициналық тексеруден өткізу сияқты қосымша шаралар қамтылды.
«Қала маңындағы лагерьлердегі демалыс 20 маусымнан басталып, кесте бойынша тамыз айының соңына дейін жалғасады. Жыл сайын «Жанұя» мамандандырылған кешені мен «Мейірім» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері жазды қала сыртындағы лагерьлерде өткізеді және күш жинап, жаңа оқу жылына кіріседі. Сондай-ақ, биыл балалар жазғы маусымның басталуын асыға күтті», - деді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Малғаждарова.
20 маусымда Қонаев қаласындағы «Балдәурен» лагеріне балалардың алғашқы легі келді. Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында «Жанұя» мамандандырылған кешенінің ерекше білім беру қажеттілігі бар балалары мен Бостандық ауданы мектептерінің балалары демалды. Сондай-ақ, алматылық оқушылар Қонаев қаласындағы Jelly fish Camp лагерінде демалады. Бұған қоса, алматылық оқушылар Қонаев қаласындағы JellyfishCamp лагерінде және Қаскелең қаласындағы «Арман Дала» лагерінде демалады.
Қалған балалардың келуі кесте бойынша тамыз айының соңына дейін жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Алматыда 266 мың бала жазғы демалыс кезінде демалыспен және жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 3000-ға жуық бала қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады.