$ 480.63  535.13  5.27

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Министрлік судан келетін қауіпке араша болушы ең әуелі адамның өзі екенін алға тартты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырып, қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Жыл басынан бастап патрульдеу өткізу барысында 131 адам құтқарылды, оның ішінде 35 бала. Әрбір азамат жол жүру ережесін сақтаған сияқты, судағы жүріп тұру қағидаларында қатаң сақтауы тиіс. Себебі, «Шәкірт дайын болғанда-ғана ұстаз келеді» демекші. Біз қанша ескерту, оқыту, алдын алу шараларын ұйымдастырғанымызбен, ең бірінші судан келетін қауіпке араша болушы ол адамның өзі екенін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушыларға әкімшілік әсер ету су айдындарындағы оқиғалардың санына оң нәтиже беруде», - ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов брифингте.

ТЖМ судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«Біріншіден, балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз. Балаларыңызды жүзуге үйретіңіз. Екіншісі бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз. Мас күйде шомылмаңыз. Жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан асып кетпеңіз. Шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз. Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз», - деді спикер.

Бұдан  бөлек жүзу құралдарына отырарда құтқару күртешесін кию, жүзуге арналмаған заттармен жүзбеу қажеттілігі туралы да айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары