$ 494.87  520.65  4.91

12 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер күндіз Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарында қатты аптап ыстық сақталады деп отыр.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Синоптиктер 2024 жылдың 12 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің солтүстігі мен шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ жауып, екпінді жел соғады... Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, шығысында тұман түседі», - делінген мамандарыдң болжамында.

Синоптиктер күндіз Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарында қатты аптап ыстық сақталады деп отыр.

Маңғыстау, солтүстігінде, Атырау орталығында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбенің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Жамбыл облыстарының түкпір-шығысында, ең жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, батыста, Маңғыстаудың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Ұлытау орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облыстарының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары