$ 480.55  533.75  5.36

«Ішінде балалар болған»: Ақтөбеде азық-түлік дүкені өртеніп кетті

5 бала және 11 ересек адам эвакуацияланды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Ақтөбеде дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенген.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде ауыздықталды. ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3-і бала, ал жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек адам эвакуацияланды, - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары