Әлде ұпай жинап жүр ме?
10-шілде күні "Ордабасы" футбол клубы молдовалық "Петрокубпен" ойын өткізді. Осы тұста ойын тамашалауға келген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің әрекеті көпті сүйсінтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан әкімнің арнайы орыннан бас тартып, халықпен бірге ойын тамашалағанын көруге болады. Бұдан бөлек әкімді танып онымен қол алып амандасқандардың ісі де ерекше жылы көрінді.
Ал желі қолданушылары болса әкімнің бұл әрекетін пиар деп бағаласа, енді бірі шынымен өте қарапайым жан деп жақтай жөнелді.
"Шынымен осындай жан ба? Әлде ұпай жинап жүр ме?", "Әкімнің қарапайымдылығы ұнайды", "Ел қатарлы жеңілдеу киініп келгенде тіпті керемет болар еді", "Қарапайым болса автобуспен жүретін еді", "Нағыз халықтың адамы", "Шынымен қарапайым кісі, әкесі де нөлден көтерілген", деп жазды олар.