Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі кезде қайғылы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Петропавлда 43 жастағы ер адам көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кетті. Салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 11 шілдеде болған.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі кезде қайғылы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады», – деді баспасөз қызметінен.