$ 480.55  533.75  5.36

Құрбандыққа шалына жаздаған әйел аман қалды

Қылмыскер қатаң режимдегі түрмеде 30 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

АҚШ-та полиция қызметкерлері құрбандыққа шалына жаздаған әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

USA Today порталының жазуынша, мексикалық есірткі саудасымен айналысатын топтың мүшесі Хавьер Санчес Мендоза біраз жылдан бері АҚШ-қа Мексикадан заңсыз адам саудасымен айналысқан.

2019 жылы оның қолынан құлдыққа түскен кісілердің арасында оған бір әйел ұнап қалған. Содан Мендоза оны жеке құлы етіп алып қалады. Кейінірек, әйел құтқару қызметіне қоңырау шалып, қашып кеткен. Бұдан соң Мендоза екі ай  тұрмеге қамалады. Осы уақыт ішінде әйел Брунсвик қаласына көшіп, балабақшаға жұмысқа орналасқан.

Бірақ Мендоза түрмеден босап шығып, әлгі өзінен қашып құтылған әйелді іздеп табады. Ақыры оны балалар ойнайтын алаңнан ұрлап әкетеді. Ол әйелді зиратқа әкеліп, тамағын кесуге тырысқан. Алайда әйел оның қолындағы пышақты қағып түсіреді. Мендоза бұдан соң әйелді өзінің тіркемесі орналасқан Джесап қаласына апаруды ойластырады. Онда ол есірткі сатушылар өздерінің қамқоршысы деп санайтын өлім құдайы Санта-Муертаға барып әйелді құрбандыққа шалуды жоспарлаған.

Осылайша қалаға келген соң ол шам жағып, әйелдің бетінен кесіп, алкоголь мен жүзімі бар үстелдегі Санта-Муэрте мүсіншесіне қан шашады. Сондай-ақ әйелдің аты-жөні мен туған күні жазылған қағаз парағын және оның фотосуретін қатар қойған.

Осы уақыт ішінде ұрланғаны туралы хабарлама алған құқық қорғау органдары әйелдің телефон арқылы орналасқан жерін бақылап отырған. Екі полиция қызметкері Ронни Купер мен Джереми Стагнер Джесапқа еріп, баспанадан Мендозаның орнын қадағалады. Олар арнайы жасақ шақыртқан. Алайда олардың келуін күтпей ұрланған адамның өмірі қауіпте екенін түсінген. Мендоза сыртқа шығып, телефон шалмақ езінде полицейлер оның артынан секіріп, ұстады.

Кейіннен Мендоза қатаң режимдегі түрмеде 30 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары