Қол-аяқтың жоғарғы және төменгі бөлігі бірнеше рет пышақталған. Пациенттің аяғы ауыр, жүктіліктің 10 аптасында.
Маңғыстау облысында күйеуі жауыздық жасаған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқасты кезекші хирург, травматолог пен реаниматолог дәрігерлер тексеріп, зертханалық анализдерін қарап, шұғыл түрде операция жасаған.
Ал облыстық аурухананың баспасөз хатшысы Жұлдызай Қалиеваның айтуынша, Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Есін біледі. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде емделуде. Науқастың диафрагма мен бауыры, ішкі қабырғалары, өкпе тіндері зақымдалған. Қол-аяқтың жоғарғы және төменгі бөлігі бірнеше рет пышақталған. Пациенттің аяғы ауыр, жүктіліктің 10 аптасында.
«Денесінің бірнеше жерінде жарақаты бар 2000 жылы туған әйел облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне 13-шілде күні түнде сағат 22:40 шамасында жеткізілді», - деді аурухананың баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам әйелін жұрттың көзінше пышақтағаны туралы жазғанбыз.