ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған.
ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты Оңалбек Сәпиев 80 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 1944 жылы 11 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтын; жоғары комсомол мектебін және қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.
Шопаннан бастап колхозда жұмыс істеді, содан кейін Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы; Қызылорда облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы; Қызылорда облыстық комитетінің нұсқаушысы; Сырдария аудандық атқару комитетінің төрағасы; Жалағаш аудандық комитетінің бірінші хатшысы; Қызылорда облыстық комитетінің хатшысы; әкімшілік басшысы, әкімі болды Сырдария ауданы әкімінің кеңесшісі қызметтерінде болған.
Бірінші, екінші, үшінші шақырылымында сайланған Парламент Сенатының депутаты; "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының Партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары (12.2008-07.2012).
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған.