Ойын аяқталуға төрт минут қалғанда жеңіс голын Микель Оярсабаль соқты.
Кездесу 2:1 есебімен испандықтардың пайдасына шешілді. Бірінші голды екінші таймның басында Нико Уильямс соқты. Ағылшын құрамасының ойыншысы Коул Палмер бір голдың авторы атанды. Ал ойын аяқталуға төрт минут қалғанда жеңіс голын Микель Оярсабаль соқты.
Кездесу барысында алғашқы минуттарда испаниялық футболшылар белсенділігімен көзге түсті.
Қос қанаттан шабуыл жасап, гол соғуға жақын болды. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезең басталған сәтте испаниялық футболшылар есеп ашып кетті.
Небәрі 17 жасар Ламин Ямаль әріптесі Нико Уильямске нәтижелі пас шығарып берді.
Соңғысы қақпаны дәл көздеп, өз құрамасын алға шығарды.
Ламин Ямаль құрлықтық додада өзін осылайша жақсы қырынан таныта білді. Әріптестері төрт мәрте нәтижелі пас шығарса, екі голдың авторы атанды.
Англиялық футболшылар да таразы басын теңестіруге ұмтылды. Оған испаниялық қорғаушылар лайықты тосқауыл қоя білді.
Есесіне ағылшын құрамасы өз қақпасына гол жіберіп ала жаздады. Айта кету керек, Англия құрамасының капитаны Хари Кейн карьерасындағы барлық 6 финалда жеңіліс тапты.
Дегенмен қақпашы Джордан Пикфорд сенімді ойын көрсете білді.
Еуро жеңісі Испанияның тарихындағы төртінші жеңісі болды (бұған дейін 1964, 2008 және 2012 жылдары жүлдегер болған болатын).