$ 494.87  520.65  4.91

«Әзербайжанның миллиардері, Малайзия королінен небір ұсыныс түскен». Дәулет Мұқаев Қыран Талапбекті жақтады

Шынымды айтсам, Қыран үшін өте қуаныштымын. Ал кейбір іші тар адамдар үшін көңілім түсті. Пікірлерді оқып, "біз өзі қандай қазақ болып кеттік" деп терең ойға батасың.

Фото: Дәулет Мұқаевтың парақшасынан
Фото: Дәулет Мұқаевтың парақшасынан

Депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде Қыран Талапбекке араша түсті. Танымал мобилограф жуырда "Құрмет" орденінің иегері атанып, ел арасында сынға қалып еді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Мобилографияның көкесі: Қыран Талапкер «Құрмет» орденін алды

"Соңғы күндері әлеуметтік желіге аз кіріп жүрген жайым бар. Десе де бірнеше парақшадан Қыран Талапбектің Мемлекеттік награда - "Құрмет" орденімен марапатталғанын байқап қалдым. Шынымды айтсам, Қыран үшін өте қуаныштымын. Ал кейбір іші тар адамдар үшін көңілім түсті. Пікірлерді оқып, "біз өзі қандай қазақ болып кеттік" деп терең ойға батасың. Ниетіміз бұзылмасын. Мойындайықшы, елге "мобилография" деген ұғымға жаңа леп, жаңа серпіліс әкелген осы жігіт. Өзі көптеген адамға үйретіп, үлкен еңбек жасауда! Команда жинап, онымен жұмыс істеудің өзі - жеке еңбек. 100 мыңға жуық жас осы мобилография арқылы өз нәпақасын тауып, отбасын асырап жүрген жайы бар. Әсерлі кадр, әдемі монтаж, шынайы эмоцияларды видеоға алу, оны көрсету де үлкен өнер. Қыранмен мен мүлде жақын таныс емеспін. Бірақ әрдайым тілекшімін", - деді депутат.

Депутат Дәулет Мұқаев Қыран Талапбекті жігерлендіріп, оған шартараптан қандай ұсыныстар түсіп жатқанын айтты.

"Мемлекеттік деңгейде Қазақстан имиджін видеолар арқылы көрсетіп, Президенттің өзін түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Көптеген ел басшылары біздің мобилография деңгейіне қызығушылық танытуда. Ендігі қызықты қараңыздар, менің естуімше, оған Әзербайжанның миллиардері, Малайзия королі, Біріккен Араб әмірлігі елдері тараптарынан небір ұсыныстар, алпауыт компаниялардан жұмысқа шақырулар келіп жатыр. Қазақ баласына әлемдік деңгейде сұраныстың артқаны қандай жақсы?! Қыранның 1.1 миллион оқырманы бар парақшасына кіріп едім, мына суреттерді салмаған екен. Шамасы хейттен қорықса керек. Қыран Талапбек көре алмайтындардың пікірінен, сөзінен қорықпа. Тек алға баса бер. Атың затыңа сай болып, Қырандай қарыштай бер. Қанатың талмасын. Менің ойымша, сен бұл марапатқа әбден лайықсың. Қазақ баласы өсіп жатса, қуанайық! Артқа тартуды қояйық, сеніммен қарайық. Осындай жастармен мақтанайық!" - деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары