$ 479.38  531.63  5.27

Месси Америка кубогының финалында жылап жіберді (ВИДЕО)

Аргентина құрамасының капитанының орнына алаңға Николас Гонсалес шықты.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz

Әйгілі футболшы Лионель Месси Аргентина мен Колумбия құрамалары арасындағы футболдан Америка кубогының финалдық матчында жылап жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Аргентина мен Колумбия құрамаларының кездесуінде жарақат алды.

Америка кубогының финалында Аргентина мен Колумбия құрамалары кездесті. Матч Майамидегі «Хард Рок» стадионында өтті. Матчтың 65-минутында қарсылас команданың ойыншысы Луис Диаспен допқа талас кезінде Месси аяғын қайырып алып, алаңнан әрең көтерілді. Осыдан кейін Мессиді ауыстыруға тура келді. Аргентина құрамасының капитанының орнына алаңға Николас Гонсалес шықты.

Ақырында аргентиналық футболшы алаңнан кетіп бара жатып, эмоциясын ұстай алмай жылады. Аргентина мен Колумбия арасындағы Америка кубогының финалдық ойынында аргентиналықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси өз мансабындағы 45-кубокты жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары