$ 479.38  531.63  5.27

Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Дана Әтешоваға дене жарақатын салғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Фото: forbes.kz
Фото: forbes.kz

Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Отбасын үйінен күштеп қуып шыққан». Шымкентте экс-әкімнің ағасы ұсталды

15 шілде күні таңертең Астана соты Әйтеновтің бұрынғы жұбайына және олардың ортақ балаларына күш қолданғаны үшін 5 тәулікке қамалғанын хабарлаған.

Енді елорда полиция департаменті Марат Әйтеновке қатысты Дана Әтешоваға дене жарақатын салғаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Астана полиция департаменті А есімді азамат әйелінің денесін жарақаттағаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаға қатысты барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Дана Әтешова Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Марат Әйтеновтің ағасы Мұрат Әйтенов оны және олардың ортақ балаларын үйден күшпен шығарғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары