Барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілмек.
Астана полициясының хабарлауынша, Марат Әйтенов экс-жұбайының өзіне дене жарақатын салғанын айтып, оның үстінен арызданған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Азамат А.-дан оның денсаулығына зиян келтірген бұрынғы әйеліне қатысты арыз түсті. Осы фактілерді тексеру үшін қылмыстық іс қозғалды. Дене жарақатының бар-жоғын және дәрежесін анықтау үшін сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілмек.