$ 494.87  520.65  4.91

Жаңбыр жауып, күн суытады: Үш күнге арналған ауа-райы болжамы

Еліміздің кей жерлерінде ауа температурасы төмендейді.

Фото: khabar.kz
Фото: khabar.kz

Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің кей жерлерінде ауа температурасы төмендейтінін айтты.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталықта, сондай-ақ 16-17 шілдеде – солтүстік-батыста, оңтүстікте, 17-18 шілдеде – шығыста қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың басым бөлігінде бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал. Республиканың батысында күндіз ауа температурасы +25...+36 градус, республиканың солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +25...+30 градус жылы.

Термометр көрсеткеткіші елдің оңтүстігінде +27...+37 градус, оңтүстік-шығыста +25...+35 градусты көрсетеді.

Солтүстікте, орталықта күндіз ауа температурасы +21...+30 градусқа дейін, ал шығыста +23...+32 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 10
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары