16.07.2024, 11:20

«Сен қайда барсаң, мен сондамын»: Шавкат Рахмоновтың қарындасы желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Фото: Instagram/sora_rakhmonova

Күйеуі Алматы облыстық мәслихатының депутаты және джиу-джитсудан спорт шебері. 

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора 2024 жылғы 15 шілдеде күйеуімен видеоға түсіп, желіге жариялады. Бұл видеодан кейін ол да желі жұлдызына айналып шыға келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Алматы облыстық мәслихатының депутаты және джиу-джитсудан спорт шебері әрі күйеуі Нұрсұлтан Орынбасаровпен видео жариялаған. 

«Сен қайда барсаң, мен де сондамын», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында. 

Мұны көрген желі қолданушылары жарасымды жұпқа бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырды.